Выйти
RU

Елімізде коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы ауыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

Министрдің сөзінше, дүние жүзінде коронавирус жағдайы нашарлауда. Әлем бойынша, науқастар саны 8,4 пайызға өсіп, індеттен 53 мыңға жуық адам көз жұмған.

"Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 453 жағдай тіркелген. Олардың көбісі Нұр-Сұлтан (199) және Алматы (93) қалаларында. 29 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта 11 науқастың жағдайы ауыр. Олар интенсивті реанимация бөлімдерінде ем қабылдауда. 68 пациент - орташа деңгейде, 341 пациенттің жағдайы жеңіл немесе симптомсыз науқастар", - деді ол.

Министр науқастармен байланыста болған 13 467 адам анықталғанын жеткізді. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кеткен.

"Қалған 13025 азаматтың 96,7 пайызы табылып, стационарға және үйге оқшауланды. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы ауыр