Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елімізде 28 медициналық қызметкердің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"28 медициналық қызметкер ауру жұқтырды. Мұнда коронавирус инфекциясымен күрес бойынша кәсіби міндетін атқару барысында індет жұқтырған мамандарды айтып отырмыз. Яғни, біз вирус жұқтыру қаупі жоғары орындарда жұмыс істеп жүрген мамандардың статистикасын жүргіземіз", - деді министр.

Соныман қатар, Біртанов өз туыстарынан немесе жұмыс орнында ауру жұқтырған медициналық мамандардың да бар екенін жасырған жоқ.

"Олардың қызметі коронавирустық инфекциямен күреске қатысты емес. Сондықтан, бұл топ бөлек бақыланады. Барлық жағдайда да вирус табылған жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Медициналық немесе басқа да еңбек ұжымдары карантинге жіберіледі. Әрине, науқастар емделіп жатқан ғимараттарда қауіп басым. Сондықтан, ондағы медициналық қызметкерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Олар да өзге науқастар секілді инфекциялық ауруханаға жатқызылып, ем алады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті дертке шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848899-elimizde-kansa-medicina-kyzmetkeri-koronavirus-zktyrgan/

pixel