Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырған науқас онкологиялық ауруға шалдыққан болып шықты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус жұқтырғандардың бірі онкологиялық науқас екенін хабарлады. Қазір дәрігелер науқасты оқшаулау жағдайында көмек беріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырған қазақстандық онкологияға шалдыққан
Фото: pixabay.com: UGC
"Бізде коронавирусқа шалдыққан адамнан ауыр онкологиялық патология табылды. Науқасты тексеріп, емдеу керек. Қазір инфекциялық емес мекемелердің медицина қызметкерлері оқшаулау жағдайында көмек беріп жатыр", – деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, бүгін министр коронавирус жұқтырған 11 науқастың ауыр халде жатқанын айтты, біреуінің жағдайы тіпті нашар көрінеді.

Жаңа вируспен ауырған науқастарда әзірге ауру белгілері байқалмайды, олардың дертке шалдыққаны тек тексеру нәтижесі арқылы ғана анықталып отыр.

Жаңа індетті жұқтырғандар арасында ақ халаттылар да бар, олардың саны 28-ге жетті.

Мемлекеттік комиссия бүгіннен бастап вирус жұқтырған науқастармен байланыс орната отырып, жұмыс істейтін қазақстандық дәрігерлерге арналған карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Дәрігерлер енді бөлек тұратын болады. Оларға арнап қонақүй мен жатақхана бөлінеді. Сондай-ақ, ақ халаттылар тегін тамақтанып, көлікпен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавирус жұқтыру фактісі бойынша тіркелгендер саны азайғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848901-elimizde-koronavirus-zktyrgan-naukas-onkologialyk-auruga-saldykkan-bolyp-sykty/

pixel