Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус күзде қайтадан тарауы мүмкін бе: Денсаулық сақтау министрі жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифинг барысында елімізде күз айларында коронавирус инфекциясының қайта таралуы мүмкін екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазіргі болжам бойынша, жаз айында, мүмкін күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін. Біз білеміз, сеземіз. Осыған байланысты тиісті шаралар қолға алынды. Коронавирус күзде қайталанса, біз дайын болуымыз керек", - деді ол.

Министр бүгінде түрлі болжам айтылып жүргенін жасырған жоқ.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта сарапшылар да көбейіп кеткен. Алайда көбісі медицина саласының сарапшылары емес.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыстамыз. Сондай-ақ, басқа да мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерімен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тікелей байланыстамыз. Жалпы айтқанда, түрлі болжам көп. Қазіргі болжам бойынша әрбір мемлекет үш айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар", - деді Біртанов. 

Министр бастапқы бір, бір жарым айдың ішінде ең жоғары деңгейге келіп, ары қарай әр елде карантиндік шаралар енгізілетінін тілге тиек етті.

"Сосын инфекцияның таралуын төмендетіп, осы үш айдың аяғында ең төмен деңгейге жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір көріп отырғанымыздай, Қытай, Корея эпидемиядан өтсе де, күн сайын жаңа науқастар тіркеліп жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті дертке шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848918-koronavirus-kzde-kajtadan-tarauy-mmkin-be-densaulyk-saktau-ministri-zauap-berdi/

pixel