RU

Жаңа сайттан 42 500 теңгені қалай алуға болады: Министрлік пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа сайттан 42 500 теңгені қалай алуға болатынын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгін Enbek.kz электронды еңбек биржасының платформасында іске қосылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтініштер беру сервисі арқылы бір уақытта 25 мыңға дейін өтініш өңделеді.

42500.enbek.kz сервисіне азаматтардан шағымдардың көп түсуіне байланысты мәліметтерді бір уақытта өңдеуге 25 мың өтінішке дейін сандық шектеу қойылды. Бұл сервистің бұзылуын болдырмау үшін жасалады.

Ведомство азаматтардан шыдамдылық пен түсіністік танытуларын сұрады.

Министрлік бірінші әрекеттен өтініш беру мүмкін болмаса, оны қайталау қажеттігін ескерті.

Қазіргі уақытта сервис арқылы  бекітілген 6 санаттың 5-еуі әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады. Жақын арада мұндай мүмкіндік бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге да беріледі.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Фейк ресурстардың пайда болуына байланысты азаматтардың назарына министрлік https://42500.enbek.kz/ сайттың дұрыс мекенжайын тағы да ұсынуды жөн көрген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды пошта көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да өтінішті өңделіп, деректер тексерілгеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңа сайттан 42 500 теңгені қалай алуға болады: Министрлік пікір білдірді