Выйти
RU

Биыл мектеп оқушылары үшін төртінші тоқсан қашан аяқталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төртінші тоқсан жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Аймағамбетов онлайн брифингте айтты.

Оның сөзінше, төртінші тоқсан, ешқандай кедергі болмаса, өз мерзімінде аяқталуы тиіс.

"Дәстүрге сай 25 мамыр күні төртінші тоқсанды аяқтаймыз", - деді білім және ғылым министрі.

Ол биыл төтенше жағдайға байланысты көктемгі демалыс әдеттегі екі аптадан үш аптаға созылғанын алға тарты.

"Мұндай мәселелер бізде жиі кездесіп отырады. Мұғалімдер біледі, кейбір тақырыпты біріктіріп оқытуға мүмкіндік бар. Қазір бейнесабақтарды осындай тәсілмен дайындап қойдық. Сол себепті бағдарламаны қуып жетіп, барлығын қамтимыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, министр бүгінде оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін. Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Биыл мектеп оқушылары үшін төртінші тоқсан қашан аяқталады