Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық кәсіпкер қайырымдылық жасаймын деп қамауға алынды

Опубликовано:

Ақтаулық кәсіпкер карантинде тұрмысы төмен жандарға азық-түлік таратып, басы бәлеге қалды. Өйткені игі шара жұрттың айғай-шуымен аяқталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Телеарнаның мәліметінше, тағам таратамын деген кәсіпкердің үндеуіне келген жұрттың қарасы қалың болған.

Халық кезектерін күтпей, азық-түлік үшін бір-бірін жағадан алуға дейін барыпты.

Абыр-сабырды көрген бизнесмен адамдарды сабырға шақыруға тырысқан. Бірақ оған ешкім көнбеген көрінеді. Ақыр аяғында бұл жерге полиция келіп, карантинде жұртты жинаған еріктіні жауапқа тартқан.

Қиын-қыстау кезеңде мүгедек, зейнеткер мен көпбалалы аналарға қарайымдылық жасаймын деген ол - енді бес күнін темір тордың ар жағында өткізетін болады.

"Азық-түлікті біз бөліп, дайындап қойдық. Енді тізім бойынша көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне апарып береміз. Менің күйеуім бар болғаны жақсылық жасағысы келді. Қазір ол карантин режимін бұзды деген айыппен қамауда отыр. Біз тым көп адам жиналады деп ойламадық. Жоспарымыз 200 адамды азық-түлікті қамту еді", - дейді кәсіпкердің жұбайы Яна Магомедхабибова.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сабыржан мен Гүлнара Алмағамбетова бастаған бір топ адам карантиндегі үй тұрғындарына көмек көрсеткенін жазған едік.

Олар үйлерінен шыға алмай қалған көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848948-aktaulyk-ksipker-kajyrymdylyk-zasajmyn-dep-kamauga-alyndy/

pixel