Выйти
RU

Қарағандыда қоқыс контейнерінен нәресте табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда қоқыс контейнерінен сәби анықталды. Кішкентай қыз тірі және медициналық мекемеге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда қоқыс контейнерінен нәресте табылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Күтпеген жерден Октябрь ауданының тұрғындары көп қабатты үйдің қасында орналасқан қоқыс контейнерлерінің бірінен нәрестені тапты.

Контейнердегі қоқыс үйінділерінің ішінде әлдене жыбырлаған. Бұл шамамен бір айлық қыз екен. Ол өмір белгілерін берген соң куәгерлер полиция мен дәрігерлерді шақыруға асықты.

Жедел жәрдем тобы қысқа уақытта келіп, баланы ауруханаға жатқызды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қыздың денесінде жарақаттар жоқ. Қазір оқиға болған жерде құқық қорғау органдары мән-жайды анықтауда.

Полиция қылмыстық іс қозғап, көкек ананы іздестіріп жатыр.

"Аталған факті полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестенің анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Қостанайда жергілікті тұрғындар жаңа туған нәрестені қоқыс контейнерінен тапқан болатын.

Нәрестенің денесі сөмкеге оралған, ол жөргекке оранған, ал жанында кіндік салбырап тұрған.

Дәрігерлердің күш-жігеріне және шұғыл реанимациялық шараларға қарамастан, нәрестені құтқару мүмкін болмады. Бірақ полиция оның анасын таба алды. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда қоқыс контейнерінен нәресте табылды