RU

Сағынтаев Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың қалай салынып жатқанын көрсетті (видео)

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев елдің оңтүстік астанасында коронавирус жұқтырған азаматтарға арналған аурухана құрылысының басталғаны туралы видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағынтаев Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың қалай салынып жатқанын көрсетті (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC
"Алматыда жаңа карантиндік орталық салынады. Бүгін мен құрылысы алаңында болдым, аурухана коронавирустық инфекциясы бар деп күдіктелетін адамдарға және вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарға арналған.

Жылдам тұрғызылатын модульдік құрылымдардан жасалған орталық 280 орынға есептелген, оның 28-і жан сақтау бөліміне арналған.

Аурухана салу туралы шешім сарапшылардың ұсыныстары мен вирустық пандемияға тап болған басқа елдердің тәжірибесі негізінде қабылданды.

Бұл бізге жұқтырған адамдарды уақтылы анықтауға, оқшаулауға және емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз аурудың таралу қаупін едәуір азайтып, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз", - деп жазды әкім өзінің Instagram парақшасында.

Айта кету керек, осындай жұқпалы аурулар ауруханасы еліміздің астанасы мен үшінші мегаполисте - Шымкентте салынып жатыр. Бұл туралы кеше Қазақстанда төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849008-sagyntaev-almatyda-koronavirus-zktyrgandarga-arnalgan-auruhanany-kalaj-salynyp-zatkanyn-krsetti-video.html