Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішінде қазақстандықтар бар ұшақ Оңтүстік Кореядан карантинге жабылған Алматыға қонды (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік Корея астанасынан 100-ден аса қазақстандықта қайтып оралды. Бүгін түнде Алматыға соңғы рейс келіп қонды. Оның ішінде жолаушылармен қатар гуманитарлық көмек те келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішінде қазақстандықтар бар ұшақ Оңтүстік Кореядан карантинге жабылған Алматыға қонды (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Оңтүстік астананың әуежайы өзінің Instagram парақшасында хабарлағандай, түнде Алматыға арнайы борт қонды, оның ішінде Оңтүстік Кореядан 100-ден астам отандасымыз болды.

Үйге оралған азаматтардың ішінде 4 бала бар.

Айта кетейік, рейсті Asiana Airlines әуе тасымалдаушысы орындады.

Азаматтардың келуі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық келісімдердің арқасында ғана мүмкін болды.

Әуежай баспасөз қызметі бұл рейсте тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге Қазақстанға гуманитарлық көмек те келгендігін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 525-ке жетті. Бүгін тағы 25 жаңа жағдай тіркелді.

Еске салсақ, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жеткені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен ауыратын науқастың Түркістан облысындағы ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849028-isinde-kazakstandyktar-bar-sak-otstik-koreadan-karantinge-zabylgan-almatyga-kondy-video/

pixel