Выйти
RU

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Олардың 240 мыңнан астамы қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РБК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 1 миллионнан асқан. Джонс Хопкинс университетінің дерегі бойынша, қазірдің өзінде әлемде індетке 1.18 миллионнан астам шалдығып, 244 мыңнан астам адам жазылған.

Америка Құрама Штаттарында қауіпті дертті жұқтырған 300 мыңнан астам адам тіркелген. Екінші орында Испания - 124,7 мың, үшінші сатыда Италия - 124,6 мың науқас.

Ал Германияда 92,1 мың тіркелсе, Францияда 90, 8 мың адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Пандемияның ошағы болып саналатын Қытайда 82,5 мың науқас тіркелген. Айта кету керек, аспан асты елінде оның 76,9 мыңы дерттен айығып, ауруханадан шыққан.

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясынан 63 902 адам қайтыс болған. Ең көп құрбан болған ел Италия болып табылады. Еуропа елінде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 15 362 адам.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, әлемде вирустан 98 985 адам қаза тапқан.

Ал елімізде соңғы деректер бойынша, індетті жұқтырғандардың саны 531 адамға жетті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жеткені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты