Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу қашан өтеді

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн бокс жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Ол GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу қашан болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Головкиннің Instagram желісіндегі жеке парақшасы
Фото: Головкиннің Instagram желісіндегі жеке парақшасы: Instagram

Хирннің айтуынша, қазақстандық кәсіпқой боксшы алдымен поляк Камил Шереметамен, ал Сауль Альварес — ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіруі тиіс.

Ол тек осыдан кейін ғана Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жегіне шыға алатынын жасырған жоқ.

"Егер бокс қазан айында немесе қараша айында өткізілмесе, Сауль Альварес бірден Головкинмен үшінші жекпе-жекке ауысатын еді. Енді біз бұл бокс кешін шілдеде немесе қазанда ұйымдастыра аламыз ба, оны көреміз. Егер бұл қарашаға дейін жүзеге аспаған жағдайда "Канело" болуы мүмкін барлық айқастың ішінен ең мықтысын таңдайтындығы сөзсіз", -деп түсіндірді Хирн.

Еске сала кетсек, бұған дейін Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырғанын хабарлаған едік.

Осыған байланысты, боксшы мен оның командасы Халықаралық бокс федерациясына титулды қорғау үшін уақыт беруді сұраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849055-golovkin-men-saul-alvares-arasyndagy-sinsi-kezdesu-kasan-tedi/

pixel