Выйти
RU

Коронавирус: Таразға Үндістаннан 91 қазақстандық ұшып келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тараз қаласының әуежайына Үндістаннан ұшып келген әуе кемесі кеше, түнде қонды. Жолаушылар ұшағында 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жұма күні сағат 22.30-да "Әулие -Ата" халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды. Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды.

Барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.

Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті.

Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Таразға Үндістаннан 91 қазақстандық ұшып келді