RU

Жамбыл облысында соңғы тіркелген 17 науқас коронавирус індетін қайда жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күшейтілген шарасының арқасында науқас азаматтар дер кезінде анықталып, карантинге жатқызылған. Барлық жұқтырған адам індетті сырттан әкелген және науқастармен байланыста болғандар деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Төрт науқас Үндістаннан келген рейс жолаушылар екендігі белгілі болды.

Ұшып келген жолаушылар арнайы автобуспен медицина қызметкерлері мен полицияның бақылауымен карантиндік стационарға жеткізіліп, оқшауланған.

Лабораториялық зерттеу нәтижесінде 1984, 1996, 1998, 2000 жылы туған төрт жолаушыдан инфекция расталды.

Одан бөлек, үш жағдай Қордай ауданында тіркелді.

1975 және 1982 жылдары туған екі жергілікті тұрғын Нұр-Сұлтан қаласының вирус жұқтырған тұрғынымен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан болатын.

Тағы да оқыңыздар

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

Тағы бір індет жұқтырған 1999 жылғы азаматша 23 наурыз күні Қостанай қаласынан "Қостанай-Алматы" пойызымен келген.

Шекара пунктеріндегі күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушілері де бар.

Нәтижесінде 10 науқас анықталды.

Олардың төртеуі Қырғызстан азаматы болса, алтауы көршілес елден жүк тасыған Қазақстан тұрғыны екендігі белгілі болған.

Науқас азаматтардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау және тұрғылықты мекен-жайы мен науқастардың барған жерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Тараз әуежайына кеше түнде 91 Қазақстан азаматының ұшып келгенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында соңғы тіркелген 17 науқас коронавирус індетін қайда жұқтырған