Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді

Опубликовано:

Әділет министрлігі жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібі туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты, сонымен қатар коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында жеке практикамен айналысатын тұлғалар өзінің кәсіби қызметін шектеді. Бұндай қадам төтенше жағдай кезінде олардың табысынан айырылуына әкеліп соғатыны белгілі. Осы жағдайды ескере отырып, Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне әлеуметтік төлемді жеке практикамен айналысатын тұлғалардың алуы әлеуметтік төлемді алуы тәртібін жеңілдету қажеттілігі туралы хат жолдаған болатын", - делінген ведомствоның хабарламасында.

3 сәуірде қабылданған жаңа Ережеге сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға әлеуметтік төлемді тағайындауға төтенше жағдай кезіндегі қызметінің шектелуіне байланысты табысынан айырылғаны туралы өтініш негіз болады алады.

Одан бөлек, әлеуметтік төлемді алу құқығы адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көмекшілеріне және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне беріледі.

"Жалған ақпараттар мен дәйексіз құжаттарды бергені үшін өтініш беруші жауапқа тартылатынын ескерулеріңізді сұраймыз, себебі әлеуметтік төлем табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Осыған қарай, жеке практикамен айналысатын тұлғалар мемлекеттік қолдауды шектеу шараларының енгізілуіне байланысты шын мәнінде табысынан айырылған жағдайда ғана пайдалана алады", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849063-ministrlik-leumettik-tlemderdi-tagajyndaudy-zaa-trtibin-tsindirdi/

pixel