Выйти
RU

Арыста 5 жастағы бала коронавирус індетін анасынан жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында орналасқан Арыс ауданында 2015 жылы туған бүлдіршіннен кориновирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Арыс ауданы Наурыз ауылында тұратын бес жасар бала вирусты анасынан жұқтырған.

Анасы "Нұр-Сұлтан-Шымкент" бағытындағы пойызбен келген науқас әйелмен байланыста болғаны анықталды.

Түркістан облысында кориновируске шалдыққан тағы бір науқас Жетісай қаласының тұрғыны.

1982 жылы туған науқастан вирус скриннинг барысында анықталған.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екені белгілі болды.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай  ауданында - 13,  Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арыста 5 жастағы бала коронавирус індетін анасынан жұқтырған