Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазда коронавирус дерті тоқтайды ма: Біртанов пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік комиссияның соңғы шешімдеріне байланысты мәлімет ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар 28 наурыз бен кешегі тәулікті есептегенде коронавирус індетінің таралу қарқынын 52 пайыздан 12 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл өзгеріс санитарлық және медициналық қызметтердің жұмыс ауыртпалығын азайтып, науқастар мен байланысқан адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік сыйлады", - деді ол.

Алайда, Біртановтың айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны артып барады.

Денсаулық сақтау министрі басқа елдердің тәжірибесіне қарап, елімізде індеттің негізгі кезеңі сәуір-мамырда өтсе, коронавирус инфекциясының шарықтауы - сәуірдің бірінші жартысына тұспа-тұс келетінін болжауға болатынын жеткізді.

"Осы уақытта біз шамамен 3500 жағдай тіркелетінін болжаймыз. Одан әрі, яғни жаз мезгілінде эпидемиолог мамандар дерт толығымен тоқтамаса да баяулайтынын күтеді. Кейбір сарапшылар осы жылдың күз айларында да індеттің қайталанатын жоққа шығармайды", - деп түсіндірді ол.

Елжан Біртанов ұсынған мәліметке сәйкес, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус дертінен науқастарды емдеу мақсатында 3920 инфекциялық, сонымен қатар 7300 провизорлық төсек орын дайындалған.

Сонымен қатар, 180 ауыр науқасты қабылдауға жансақтау бөлімі дайын екенін, ол жерде 170 жасанды тыныс алу аппараты, қан оксигенациясының экстракорпоральды мембрананалы 38 аппараты барын жеткізді.

"Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында орташа есеппен 3-4 апта өткізетінін, елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорындар мен қызметтердің командаларында - медицина қызметкерлері, полиция, Қарулы Күштерде инфекцияның пайда болу қаупін ескергенде Қазақстанда әзірге көбірек төсек орын мен арнайы аурухана керектігі байқалады.

Сондай-ақ, бұл емханалар инфекциялық қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес болуы қажет. Онда боксталған палаталар, вентиляцияның ерекше жүйесі, жансақтау бөліміндегі орындар болуы керек.

Бұндай тез тұрғызылатын медициналық мекемелердің Қытайда қалай кәдеге жарағанын байқадық. АҚШ және Италия, басқа еуропалық елдердегі қарапайым ауруханаларға қандай жүктеме түсіп отырғанынан да хабардармыз. Көптеген мемлекеттер науқастар мен медициналық персоналдар үшін инфекциялық қауіпсіздік технологиялары сақталмаған нысандар мен спорттық құрылымдарды пайдалануға мәжбүр", - деді министр.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,

Алматы қаласында – 110 адам,

Қарағанды облысында - 27 адам,

Ақмола облысында - 20 адам,

Атырау облысы - 22 адам,

Жамбыл облысында - 28 адам,

Шымкент қаласында - 13 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам,

Ақтөбе облысында - 10 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,

Павлодар облысында - 1 адам,

Маңғыстау облысында - 3 адам,

Қызылорда облысында - 30 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,

Түркістан облысында - 25 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849071-zazda-koronavirus-derti-toktajdy-ma-birtanov-pikir-bildirdi/

pixel