Выйти
RU

Қызылорда карантин тәртібін сақтамаған студент құрбысына коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус індетімен тіркелген соңғы үш науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жақсылық Абдусаметовтің мәліметінше, коронавирус инфекциясына шалдыққан соңғы үш адамның екеуі Шиелі ауданында тіркелген.

Бір науқас Қармақшы ауданының тұрғыны болып шықты.

Олардың стационарға жатқызылғаны, тиісті ем алып жатқаны айтылды.

Қазіргі уақытта қауіпті дертті жұқтырғандардың жағдайлары бірқалыпты.

Ведомство басшысының сөзінше, Шиелі ауданында тіркелгендер 1998, 1999 жылы дүниеге келген қыз балалар болып табылады.

Петропавл қаласынан келген 1998 жылғы студенттің карантин тәртібін сақтамағаны белгілі болды.

Нәтижесінде ол 1999 жылғы құрбысына жұқтырған.

Ал Қармақшы ауданынан вирус жұқтырған азамат 50 жастағы ер адам. Ол осы инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған.

Айта кетейік, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 740 адам анықталды.

Олардың 254-і карантинде болса, 486-сы үй жағдайында бақылауда.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны алтыға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда карантин тәртібін сақтамаған студент құрбысына коронавирус жұқтырды