Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте коронавирус індетінен көз жұмған науқас туралы тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Бүгін 5 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны Шымкент қаласының тұрғыны қайтыс болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен құрбан болғандар алты адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Науқас 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны болып табылады.

Жүк көлігінің жүргізуші "Мәскеу-Алматы" бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылыпты.

Одан бөлек, марқұмның жағдайына байланысты Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген.

Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, ер адам аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болған.

Отырар телеарнасының мәліметінше, науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия.

Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды.

Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.

Ал транзиттік көлікте науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарда оқшауланған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны алтыға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849086-symkentte-koronavirus-indetinen-kz-zmgan-naukas-turaly-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel