Выйти
RU

Қарағанды облысында 7 сәуірден бастап карантин енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Қарағанды облысы бойынша карантин енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Қарағанды облыстық тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Асқаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап өңірге кіріп-шығу шектеледі. 

Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртауда карантиннің ерекше тәртібі болатыны хабарланып отыр.

Тұрғындар жұмысқа, азық-түлік дүкеніне, аса қажеттілік болған жағдайда медициналық мекемелерге, үйден 500 метр радиусқа үй жануарларымен шығуға және банк операцияларын жасауға ғана шыға алады.

Карантиннің ерекше тәртібі енгізілген аймақта барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылған. Тек қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар ғана қызметін жалғастырады.

Кәсіпорындарға қызметкерлер қызмет көлігімен жеткізілуі тиіс екендігі ескертілді.

Сонымен қатар, облыс аралық, қала аралық, аудан аралық және қалалық жолаушылар тасымалы уақытша тоқтайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны 31 болды..

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны алтыға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында 7 сәуірден бастап карантин енгізіледі