RU

Білім министрі мұғалімдерден есеп сұраған басшыларды қызметінен босатпақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу ордаларының басшыларына мұғалімдерден қашықтан оқыту кезінде фото және видео түріндегі есепті талап етпеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Білім министрі мұғалімдерден есеп сұраған басшыларды қызметінен босатпақ

Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы ведомство басшысы қашықтан оқытуға дайындыққа қатысты өткен селекторлық жиында айтты деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. 

"Мектеп директорлары мұғалімдерден скрин, видео және есеп талап етеді. Ешқандай есеп болмауы тиіс! Мен ескертемін. Ондай жағдайда қызметті босатасыздар", – деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, министр бұған дейін оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін. Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты.

Тағы да оқыңыздар

28 жасында Халық әртісі атанған Роза Рымбаеваның ең танымал әндері

Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Білім министрі мұғалімдерден есеп сұраған басшыларды қызметінен босатпақ