Выйти
RU

Алматыда коронавирус ошағына айналған 36 орын табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

5 сәуір күні кешкі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияның ошағына айналған 36 орын табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

36 очаг

Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирус ордасына айналған орындар арасында Әуезов ауданы көш бастап отыр. Мұнда 8 мекен-жайдан инфекция табылған.

Бостандық ауданында - 7, Алатау ауданында -6, Алмалы ауданында 4, Медеу ауданында 4, Жетісу ауданында 4, Түріксіб ауданыда 2, Наурызбай ауданында 1 мекен-жайдан коронавирус анықталған.

Бұған дейін Алматыда 14 вирус жұқтыру ошағынан шектеу шаралары алынған болатын.

Соңғы деректерге сәйкес, Алматыда 116 адамға COVID-19 диагнозы қойылды. 19 науқас инфекцияны жеңіп шыққан. Оңтүстік астанада вирустан көз жұмғандар жоқ.

Ал Қазақстан бойынша 584 адам коронавируспен күресуде. Еліміз бойынша осы індеттен болған 6 өлім тіркелді. Әзірге тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы науқастар емделіп, ауруханадан шықты.

Сондай-ақ әлемдегі ахуалға келер болсақ, бүгінде Жер бетінде 1 272 115 адамнан коронавирус анықталды.

Көптеген елдерде жаңа вирусты жұқтыру оқиғалары жоғары қарқынмен артып келеді. Соңғы бірнше аптада бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Ел аумағында инфекцияға шалдыққандар саны 337 072 адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус ошағына айналған 36 орын табылды