Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 18 жастағы қыз коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Кеше, 5 сәуірде Атырау облысында коронвирус инфекциясын жұқтырудың 6 жаңа оқиғасы тіркелді. Вирусқа шалдыққандардың арасында 18 жастағы қыз бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жаңа науқастарға байланысты мән-жайды баяндады. Аталған ақпарат CORONAVIRUS2020.KZ Телеграм-арнасында жарияланды.

Хабарламада айтылғандай, инфекция жұқтырғандардың барлығы коронавирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта науқтастардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған. Дәрігерлер оларға қажетті көмек көрсетуде.

Сонымен қатар, мамандар жаңа науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтауда.

Соңғы деректерге сәйкес, Атырау облысында 29 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңа вирусты 584 адам жұқтырған.

Сондай-ақ бүгінде елімізде аталған аурудан алты адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелген Ақтөбе қаласында бүгін, 6 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849148-atyrau-oblysynda-18-zastagy-kyz-koronavirus-zktyrdy/

pixel