Выйти
RU

Оқ жарақатынан да ауыр: Коронавирус жұқтырған медбике үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та сауықтыру орталығында медбике болып жұмыс істейтін бойжеткен корнавирус жұқтырып алған. Жас қыздың айтуынша, оның әрбір тынысы оған ауыр азап әкеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқ жарақатынан да ауыр: Коронавирус жұқтырған медбике үндеу жасады

Видеодан кадр

Теннеси штаты, Галлатин қаласындағы сауықтыру орталығында жұмыс істейтін медбике Шарека Уильямс коронавирустық инфекцияның денсаулығына қалай әсер еткенін айтып берген. Видео ақ халаттының Facebook парақшасында жарияланған.

Шарека COVID-19 пневмониясын оқ жарақатымен салыстырған. Бойжеткеннің сөзінше, ол вирустың кесірінен дұрыс қозғала алмайды, тамақ жеуі қиындап кеткен. Тіпті оның әрбір тынысы оған ауыр азап әкеледі.

"Маған ешқашан оқ атпады, алайда бұл ауру оқ жарақатынан да ауыр. Маған өте қатты ауыр", -деді ол.

Уильямс сақтық шараларын, соның ішінде ара қашықтықты сақтап, жеке қорғаныш заттарын киюге шақырды.

"Бәрі тым кеш болатын сәтті күтпеңіздер. Вирустың сізге, сіздің отбасыңыз немесе балаңызға келгенін күтпеңіздер", - деді ол.

Еске сала кетсек, Англияда коронавирустық инфекциямен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасаған еді. Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оқ жарақатынан да ауыр: Коронавирус жұқтырған медбике үндеу жасады