Выйти
RU

Шымкенттік әйел су ағатын құбыр арқылы карантиннен қашпақ болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі үйлердің бірінің екінші қабатында тұратын әйел су ағатын құбыр арқылы карантиннен қашып кетпек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ elitar.kz-ке сілтеме жасап.

қашыпты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Болған оқиға туралы басылымға куәгер хабарлаған. Оның сөзінше, әйел терезеден шығып, су ағатын құбыр арқылы төменге түскен. Жақын жерде такси болған. Онда келіншекті ер адам күтіп тұрыпты.

Алайда әскерилер мен полицейлер әйелдің үйден үш метр аттауына мұрша бермепті. Оны бірден ұстап алған. Ер адам келіншекке көмектескісі келгенімен, екеуін де әйел қашпақ болған пәтерге кіргізіп қойыпты.

Нысанды күзетіп тұрған полицейлер мен әскерилер жағдайға түсінік беруден мүлдем бас тартқан. Алайда олар оқиғаны жоққа да шығармаған.

Еске сала кетсек, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласы 4 сәуірден бастап карантинге жабылды. Шаһарға кіріп-шығуға тыйым салынған. Қоғамдық көліктер таңғы 7.00 мен кешкі 19.00 аралығында ғана жүреді.

Қала ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылып, сондай-ақ жеке көліктерімен қозғалуына тыйым салынады. Қалалықтар үйлерінен тек азық-түлік, дәріхана, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алуға ғана шыға алды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласында 14 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Сондай-ақ үшінші мегаполисте бір адам COVID-19 құрбанына айналды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкенттік әйел су ағатын құбыр арқылы карантиннен қашпақ болды