Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде азаматтарға тегін психологиялық көмек көрсетіледі

Опубликовано:

Қазақстанда короновирус инфекциясы таралуының және соған байланысты оқшаулау шаралары енгізілуінің қазіргі жағдайларында азаматтарға психологиялық көмек көрсету мақсатында жаңа сайт іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: spb-psiholog.ru
Көрнекі сурет: spb-psiholog.ru: Facebook

Өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланысады деп жазды Sputnik Қазақстан.

"Интернет-ресурста алдын ала өтінім беру арқылы психологтар мен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сайт бетінен азаматтар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап табады", – дейді Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штаб мамандары.

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құрылған сайт – covid-19.mentalcenter.kz деп аталады.

Онда мамандандар короновирус жұқпасы таралуының (COVID-19) және қабылданған қажетті карантин шаралары енгізілуінің қазіргі жағдайларында азаматтарға психологиялық көмек пен қолдау, сондай-ақ стрессті басқаруға үйрету, бір-бірімен қолдаушы қарым-қатынасқа түсе білу жөнінде онлайн консультациялар ұсынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849167-tz-kezinde-azamattarga-tegin-psihologialyk-kmek-krsetiledi/

pixel