Выйти
RU

Алматыда тағы екі адам коронавирусты жеңіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында 2 адам коронавирустың инфекция індетінен емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тағы 2 адам коронавирусты жеңіп шықты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан бойынша вирустан жазылғандардың жалпы саны 44-ке жетті.

Ал Алматыда коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандармен байланыста болған тағы алты адамнан вирус анықталған.

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.

79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.

Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – балалар. Екікүндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4805 адам жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, еліміз бойынша 584 адамнан коронавирус табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы екі адам коронавирусты жеңіп шықты