Выйти
RU

"Жөтелім құрғақ": Бағлан Әбдірайымовтың коронавирус жұқтырып алғаны рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бағлан Әбдірайымов ауырып қалып, коронавирусқа анализ тапсырды. Өнер иесі тамағы ісіп, жөтелі құрғақ сияқты болғандықтан медицина мамандарына жүгінуге мәжбүр болған. Әнші өткен тексеріс оның ағзасында инфекцияның бар-жоғын анықтаған. "Жігіттер" квартеті мүшесінің сынамасы қандай нәтиже көрсеткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/ baglan_abdraimov_official. Коллаж:KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ baglan_abdraimov_official. Коллаж:KAZ.NUR.KZ

Бағлан Әбдірайымов карантин басталған уақытымен қатарласып ауырып қалғанын жеткізді.

Эстрада өкілі мұндай ауыр жағдайда қауіпті вирусқа деген күдігі басым болғандықтан, бірден тексеріске баруға бекінгенін айтып берді.

"Көрісу мерекесі қарсаңында батыс өңіріне барып, достармен жүріп қайттық. Кетер күні моншаға түсіп, Жайықтың мұз қатқан суына жігіттерден қалыспай сүңгіп те алдық.

Содан ұшаққа мініп үйге келдім. Карантин жариялау басталды, менде тұмау басталды.

Екі күн үйде жатып емделіп, жөтелім құрғақ сияқты көрініп, жүрегім айныған сияқты, сүйегім сырқырағандай болды. Күдік басым болған соң арнайы мамандарға бардым. Тамақ ісіп кеткен.

Кірген бойдан температура тексеріп сұраққа алды. Шет елге қашан шыққанымды, туберкулезбен ауырған-ауырмағанымды, травмалық операция болған-болмағанын бәрін сұрады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ерғали ағам айтпақшы: "Ана бәле жұқпады ма?"- дегендей болды ғой. Шүкір, дін аманмын! Антибиотик жазып берді. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін енді бағалау басталды. Біз үшін жұмыс істеп жүр. Сіздер үшін біз үйде отырамыз! Ауырмаңыздар" , - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

"Ел аузында" бағдарламасының хабарлауынша, әншінің тапсырған сынамасы теріс нітиже берген. Әбдірайымовтан COVID-19 вирусы анықталмаған болып шықты. Өнер иесі суық тигізіп, тұмауратып қалған болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жөтелім құрғақ": Бағлан Әбдірайымовтың коронавирус жұқтырып алғаны рас па