RU

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест-жүйені жасаған медицина қызметкерлерін құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясын анықтайтын жеке тест жүйелерін жасап шығарған отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: Facebook

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады.  

"Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты.
Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін" , - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тілеп, алғыс білдірді. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест-жүйені жасаған медицина қызметкерлерін құттықтады