Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар бір уақытта көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та 51 жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылар бір күнде коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы марқұмдардың ұлы Бадди Бейкер Twitter-де хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус жұқтырға ерлі-зайыптылар бір уақытта көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ер адамның сөзінше, оның 74 жастағы әкесі Стюарт Бейкер мен 72 жастағы анасы Эдриан Бейкер 29 наурызда алты минут айырмашылықпен қайтыс болыпты.

"Ата-анам менің және өзгелердің өміріне әсер еткен екі ерекше жан. Өкінішке қарай, біз олардың екеуін де жоғалттық", - деді Бейкер ABC арнасына.

Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың дені сау болған. Дәрігер оларға жеңіл пневмония диагнозын қойыпты.

Кейінірек Стюарт пен Эдриан жағдайы нашарлаған кезде ғана ауруханаға барған. Ер адамда демікпе болғандықтан дәрігерлер оны алып қалып, әйелді үйіне қайтарыпты.

Нәтижесінде Стюард Бейкердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болады. Балалары бұл туралы анасына тіс жармауды жөн көріп, оны да ауруханаға жатқызуға бел буыпты.

Алайда 45 минуттан кейін дәрігерлер оларға телефон шалып, аналарының ауыр халде жатқанын айтты.

Соңында науқастардың туған-туысы олардан жасанды желдету аппаратын алып тастауды шешеді. Алайда олар дәрігерлерден өлім кезінде ерлі-зайыптылардың бір палатада жатуын өтінген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сондай-ақ, АҚШ-та коронавирус жұқтырған медбикенің халыққа үндеу жасағанын хабарлаған едік. Оның айтуынша, вирус оған оқ жарақатынан да ауыр тиген. Ол тыныс алған сайын азаптанатынын сөз етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар бір уақытта көз жұмды