Выйти
RU

БҰҰ бас хатшысы карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршігенін мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты көптеген елдердің карантин енгізгені белгілі. Алайда, БҰҰ бас хатшысының айтуынша, мұндай оқшаулау шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуіне себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Антониу Гутерриш карантин жағдайында көптеген әйел адамдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын мәлімдеді деп жазды ТАСС.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршуі жаһандық сипат алуда. Бас хатшы кейбір мемлекеттерде нәзік жандылардың екі есе жиі көмекке жүгінгенін атап өтті.

Бұдан бөлек, халықаралық ұйымның бас хатшысы мемлекет басшыларына жүгініп, карантин жағдайларында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді сұрады. Оның пікірінше, бұл мәселе коронавирус пандемиясымен күресудің ұлттық жоспарлары шеңберінде қаралуы болуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда короновирус инфекциясы таралуының және соған байланысты оқшаулау шаралары енгізілуінің қазіргі жағдайларында азаматтарға психологиялық көмек көрсету мақсатында жаңа сайт іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҰҰ бас хатшысы карантинде тұрмыстық зорлық-зомбылық өршігенін мәлімдеді