Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың үш жаңа белгісі анықталды

Опубликовано:

Коронавирус жұқтырғандардың ауру тарихын терең зерттеу барысында ғалымдар өте сирек, бірақ ескеру қажет жаңа белгілер пайда болғанын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Lancet порталына сілтеме жасап.

Коронавирустың 3 жаңа белгісі анықталды
Фото: pixabay.com: UGC

Коронавирусты зерттеудің жаңа деректері COVID-19 індетінің алғашқы белгілерінің тізімін үлкейтті. Ғалымдар вирус жұқтырудың кемі үш жаңа белгісінің пайда болғанын мәлімдеді.

Порталдың дерегі бойынша, үш белгінің біріншісін жұқпалы аурудың алғашқы ошағына айналған Ухан қаласы тұрғындарының 8 пайызының ауру тарихы бойынша анықталған.

Бұл топтағы науқастар инфекция жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жеткізілген соң, бастапқы күндері көбін бас ауруы мазалаған.

Оған қоса, көбін кенеттен және қатты бас айналу алаңдатқан көрінеді. Америкалық Кливленд ауруханасы осы белгіні тілге тиек ете отырып, оқыстан бас айналуды адам денсаулығының нашарлауына әкеп соқтыратын маңызды "ескерту" ретінде қабылдау керек деп санайды.

Екінші жаңа белгісі – кенеттен иіс сезбей қалу. Бұл белгі британдық ринологиялық ұйымда тіркелген. Негізінен Қытай, Италия және Оңтүстік Кореяның науқастарында табылған және COVID-19 инфекциясы мен иіс сезгіштікті жоғалту белгісінің байланысы дәлелденген.

Германияда науқастардың үштен екісінен көбі дәрігерлерге ендігі иіс сезбей қалғандарын айтып шағымданған.

Ғалымдар анықтаған үшінші жаңа белгі – абыржу, мазасыздану, оған қоса өзін әлсіз сезіну. Бұл белгі Вашингтондағы зейнеткерлердің үштен бірі жұқпалы дертке шалдыққан қарттар үйіндегі жағдайға орай анықталған. Барлығы дерлік бойын үрей жаулағанын айтып, әлсірегендерін жеткізген.

Белгіні Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) коронавирус жұқтырғандығының ескертуі ретінде әлдеқашан растаған.

Мамандардың ойынша, жоғарыда айтылған алғашқы белгілер адамдар өз-өзінің денсаулығына мұқият қарап, жөтел мен дене қызуы байқалмаса да, бейқам жүре беруге боймайтынын ұғынуға себеп болады деп сенеді.

Айта кетейік, жәндіктер саласындағы мамандар мен энтомологтар шыбын мен масаның коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849200-koronavirusty-s-zaa-belgisi-anyktaldy/

pixel