Выйти
RU

Елорда әкімдігі карантиннен шыққан өзге аймақ тұрғындарын үйлеріне қайтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 14 күн бойы карантинде болған басқа қаланың азаматтарына арнайы көлік бөлді. Барлық азаматтар шетелден ұшып келгендер. Азаматтардан коронавирус анықталмаған, енді олар Алматы, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және де басқа қалаларға өз үйлеріне қайтатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

«Біз 24 наурыз күні Дубайдан ұшып келдік. Дәл сол күні карантинге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде болған 14 күн ішінде коронавирусқа байланысты бірнеше рет сараптама жасады. Барлығы жақсы болды», - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Әйгерім Оразалина.

Қарағандылық Ирина Лехман Нұр-Сұлтанға Германиядан ұшып келген. Қалаға түскеннен кейін басқа да жолаушылармен бірге «Ramada Plaza» қонақүйіне орналастырылған. Карантиннің келесі күндерінде ауруханада болған.

«Бізге бірнеше мәрте сараптама жасалды. Барлығы да теріс нәтиже көрсетті. Қонақүйдің тағамдары, бізді күткен медицина қызметкерлері де өте жақсы болды. Барлығы үшін ризашылық білдіреміз», - дейді Ирина Лехман.

Өзге қалаларда тұратын азаматтар үйге қайту үшін көлік ұйымдастырғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне алғыс білдірді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елорда әкімдігі карантиннен шыққан өзге аймақ тұрғындарын үйлеріне қайтарды