Выйти
RU

Декретте отырған әйелдер қандай жағдайда 42500 теңге ала алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декреттік демалыста отырған аналар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алуға өтініш бере алатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұрымбетовтің сөзінше, әлеуметтік төлемге декретке шыққанына бір жыл толған әйелдер өтініш бере алады.

Ол декреттік демалыста отырған аналарға бала күтіміне байланысты бір жылға дейін мемлекет тарапынан жәрдемақы төленетінін атап өтті. 

"Бір жылдан соң, олар жұмысқа шығар еді. Алайда, қазіргі уақытта оларды ешкім жұмысқа алмайды. Сол себепті декретте отырған аналар бір жылдан соң, бірыңғай жиынтық өтемді төлеп, 42 500 теңге жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар", - деді Біржан Нұрымбетов. 

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Декретте отырған әйелдер қандай жағдайда 42500 теңге ала алады