Выйти
RU

Алматы аумағына кіріп-шыға алатын азаматтардың тізімі өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда мегаполис аумағына кіріп-шыға алатын азаматтардың тізімі өзгертілді. Бұл туралы ТЖ қамтамасыз ету бойынша жедел штаб хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

кіріп-шыуғ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оңтүстік астанада мегаполис аумағына кіріп-шығу ережесіне өзгеріс енгізілді. Сонымен, блок-бекеттер арқылы өзге облыстардың құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндер өте алады.

"Енді қызметтік қажеттілікке байланысты Алматыдан немесе Алматыға бағыт алған құқық қорғау органдары мен ҚР өзге өңірлерінің арнайы органдарының қызметкерлері мен транспортына (ҰҚК, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ҚР МКҚ, Ұлттық ұлан, ҚМ, ТЖД) рұқсат етіледі.
Алайда аталған ведомство қызметкерлері алматылық блок-бекеттерден тек аймақтық органның бірінші жетекшісінің қолы қойылған рұқсат қағазбен ғана өте алады", - деді Алматы қаласының әкімдігі.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыдағы шектеу шараларының 5 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзартылғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, мегаполисте қазіргі таңда 116 коронавирустық инфекция жұқтырған науқас бар. Бүгін тағы екі адамның аурудан айыққаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы аумағына кіріп-шыға алатын азаматтардың тізімі өзгерді