Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиннің "кесірінен" бассейнге бара алмай қалған оқушы аквариумге сүңгіді

Опубликовано:

Тодд Мэлтон Facebook арақшасына видео жариялап, басынан өткен қызықты жағдайды баяндап берді. Айтуынша, оның ұлы Джейден карантинге байланысты байссейнге бара алмай, балықтармен бірге жүзуді жөн көріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Карантиннің салдарынан бассейнге бара алмай қалған оқушы аквариумге сүңгіді
Фото: facebook.com/todd.melton: UGC

Видеода оның он жасар ұлы Джуд бөлмеге кіріп, ағасы Джаденнің аквариумда шомылып жатқанын байқап, әкесін шақырады. Ер адам баласының айқайлағанын естіп, бірден оған жүгіріп барады.

Ал ұлының балытармен бірге жүзіп жүргенін көрген кезде:

""Құдайым-ау, Джейден, бассейнді сағындығыңды білемін, бірақ бұлай істеуге болмайды" деген", - деп жазады Lad Bible басылымы.

Тодд бұл бейненің әдейі түсірілгенін және ол жүлделерсіз өткізген кішігірім байқауына арналғанын сөз етті.

Тодд Мальтон - жүзу бойынша жергілікті команданың жаттықтырушысы, бірақ Окотоксте (Канадада) карантинге байланысты барлық бассейндер жабылып, жарыстар тоқтатылды.

Команданың балалары осыған байланысты ұзақ жабырқаған. Ал оларды қуанту үшін ер адам жүзе алмай зерігіп отырғандары туралы видео түсіруге ұсынды.

Джейденнің видеосын көрген балалар бірауыздан бірінші орынды кім иелену керек деп шешті.

Алайда аталған видеоны көрген көптеген ата-аналар Тоддтың ұлын қауіпке итергенін айтып, наразылық білдірді. Десе де әкесі аквариумды түсірілім алдында тазартқанын, ал балықтардың бөтен адамнан қорықпағанын, олардың сабырлы және ұстамды екенін айтып, ақталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ирандық суретшінің коронавирусқа байланысты салған туындылары елдің жүрегін елжіретті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849219-karantinni-kesirinen-bassejnge-bara-almaj-kalgan-okusy-akvariumge-sgidi/

pixel