Выйти
RU

Үй жануарларынан коронавирус жұқтыруға бола ма: Маман жауап берді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Федералды медицина-биологиялық агенттіктің жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Владимир Никифоров үй жануарларынан коронавирус жұқтыру мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay,com

Көрнекі сурет: pixabay,com

Маман жануарлар жаңа вирустың тасушысы бола алады деген қауесетке қатысты пікір білдірді.

"Россия-1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасының эфирінде Никифоров аталған қауесеттің айналасында байбаламға салынып, үй жануарларын ұйықтатуға алып баратын адамдарды өткір сынға алды.

Жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман мысықтардың жаңа коронавируспен ауруын және оны адамдарға жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығарды. Айтуынша, үй жануарларының шалдығуы мүмкін коронавирустың бірнеше түрі бар және оларды өздері тектес хайуандарға ғана жұқтыра алады. Бірақ бұның адамдарға ешқандай қатысы жоқ.

Бұған дейін жабайы табиғатты қорғау қоғамы Нью-Йорктегі хайуанаттар бағында жолбарыстан жаңа коронавирус анықталғанын хабарлаған еді. Болжам бойынша, ол вирусты мекемедегі қызметкерлердің бірінен жұқтырған.

Сондай ақ РИА Новости осыған байланысты Қытайдың Харбин қаласындағы ғылыми-зерттеу институтының деректерін келтірген болатын. Ондағы ғалымдардың мәліметінше, мысықтардың жаңа коронавирусқа шалдығу мүмкіндігі бар. Алайда, оны адамдарға жұқтыру қасиеті туралы ештеңе айтылмаған.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Еске сала кетейік, бұған дейін масалар мен шыбындардың коронавирус инфекциясын тарату мүмкіндігі туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үй жануарларынан коронавирус жұқтыруға бола ма: Маман жауап берді (видео)