Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 500 теңгеге өтініш толтырғандарға шот аштыруға бір ай уақыт беріледі

Опубликовано:

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға өтініш беру ережесіне өзгеріс енді. Бұдан былай өтініште карта шотын көрсету міндетті емес. Шотты кейінірек хабарлауға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

жыр болған 42 мың
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, кейбір қазақстандықтардың банктік карталары мен шоттары болмаған. Ал 42 500 теңгеге өтінім беру кезінде шотты көрсету міндетті болған.

Адамдардың банк алдына көптеп жиналуын болдырмау үшін министрлі өтінім формасына өзгеріс енгізуге шешім қабылдаған. Енді бастапқы өтініш кезінде карта шотын көрсетпеуге болады.

Егер мемлекет азаматқа төлем беруге шешім шығарса, онда оған өзінің банктің шотын сұраған СМС хабарлама келеді. Мемлекет шоттың ашылуын бір ай күте алады.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов банктерге өтініш жасап, шот ашуға өтінімді қашықтықтан қабылдауларын сұрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр желідегі парақшасында өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың да 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақына алуға құқылы екенін айтты. Бұл санаттағы азаматтар көмек алу үшін бір жолғы төлем жасаса жеткілікті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849229-42-500-tegege-tinis-toltyrgandarga-sot-astyruga-bir-aj-uakyt-beriledi/

pixel