Выйти
RU

Кадыров карантин режимін бұзған адамды ұрған күштік құрылым қызметкерлерін мақтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров күштік құрылым ведомствосының қызметкерлерін карантинді бұзған азаматқа күш көрсеткені үшін мақтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадыров Шешенстанда карантин режимін бұзған адамды ұрған үшін қауіпсіздік қызметкерлерін мақтады

Фото: astori-18.livejournal.com

КП басылымының мәліметінше, саясаткер алғысын әлеуметтік желілердегі тікелей эфир кезінде білдірген. Федерация субъектісінің басшысы қауіпсіздік күштерінің аталмыш қызметкерлерін көтермелеуге уәде берген.

Белгілі болғандай, желіде Аргун қаласынан түсірілген видео жарияланған, кадрда Шешенстан күштік құрылым қызметкерлерінің карантин шараларын бұзған адамды ұрғаны бейнеленген.

Кадыровтың өзі атап өткендей, құқық қорғау органдарының қызметкерлері аймақтың қауіпсіздігін қадағалайды. Саясаткер мыңдаған адамды жерлегеннен гөрі, бір адамды сабаған оңай екенін мойындады. Ол Шешенстанда қатаң шаралар қабылдағанын атап өтті.

Саясаткер, тіпті, өз халқын қорғау үшін қандай шаралар қабылдауға дайын екендігі туралы да мәлімдеме жасады.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, Шешенстан Республикасы Ресей Федерациясында СOVID-19-ға байланысты кіру және шығу жолдарын толығымен жапқан алғашқы аймақ болды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, бүгін Алматы қаласында 2 адам коронавирустан емделіп шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кадыров карантин режимін бұзған адамды ұрған күштік құрылым қызметкерлерін мақтады