Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл азап": Үйге қамалған ақтаулық тұрғын карантин жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Ақтау қаласында бір тұрғынның коронавирус жұқтыруына байланысты 11-ші шағын аудандағы 10-шы үйдің үшінші подъезді карантинге жабылған. Осы орайда тұрғындардың бірі оқшауланған үйден видео жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz порталына сілеме жасап.

"Бұл азап": Үйге қамалған ақтаулық тұрғын карантин жайлы айтты (видео)
Павел Худяков кадр Lada.kz-тегі видеодан алынған. Подъезд есігі: instagram.com/aktau_akimat: UGC

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары карантинге жабылған подъезд есігінің суретіне қатысты белсенді түрде пікір бірдірген болатын.

Желі қолданушылары жазғандай, аталмыш есікті ашылмайтындай етіп бекітіп, сәлем-сауқат беру және қоқыс шығаруға арналған кішкене терезе жасап қойған.

Алайда, әкімдік есіктің ашылатынын айтып, тіпті видеоға түсіріп көрсеткен.

Одан бөлек, осы үйде тұратын тұрғын видео үндеу жазған.

"Бұл тұтқында емес, карантин жарияланған жерде түсірілген видео. Төменгі пәтерде тұратын көршімнен коронавирус табылды. 11-шағын аудандағы 10-үйдің үшінші подъездін карантинге жауып тастады", – дейді Павел Худяков.

Порталдың хабарлауынша, ролик кейіпкері – саяхаттаушы. Оның Үстірт жайлы әріптесімен бірігіп жасаған видеосы халықаралық байқаудан жүлделі орынға ие болған.

Ашық кеңістікте еркін жүріп-тұруға бойы үйренген ер адамның бір жерде қамалып отыру қиынға соққан көрінеді.

"Жабық төрт қабырғада қамалып отыру – мен үшін бұл азап", – дейді Павел.

Алайда, ер адам дүрбелең тудырудың қажеті шамалы екенін айтты. Оның ойынша, қазіргі шақта инфекцияның таралуымен күресу үшін "Қытайдағыдай" тәртіп пен өзіңді-өзің оқшаулау қажет.

Павел Худяков қазір отбасы және жақындармен бірге уақыт өткізу мүмкіндігі табылғанын да жақсылыққа балап отыр. Сондықтан оқиғаға оптимистік көзқараспен қарау аса маңызды, сонда ғана мұның бірі аяқталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында тағы екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды. Олар Ақтауда уақытша тұрған Өзбекстан азаматтары болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849242-bl-azap-jge-kamalgan-aktaulyk-trgyn-karantin-zajly-ajtty-video/

pixel