Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тағы бір адам коронавирустан сауығып шықты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

нұрса
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 45-ке жетті. Олардың 24-і Нұр-Сұлтан қаласында болса, 21-і Алматы қаласында.

Сондай-ақ бүгін Алматыда екі науқастың емделіп шыққаны хабарланды. Пациенттер 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус бойынша 6 сәуір, сағат 14:40 -тағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясы тағы 20 адамнан анықталған.

Осылайше елде коронавирус жұқтырғандар саны 604-ке жетіп отыр.

Сондай-ақ, 6 адам COVID-19-дан көз жұмды. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Түркістан облыстарында бір өлім, ал Ақмола облысында екі өлім жағдайы тіркелді.

Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын анықтайтын жеке тест жүйелерін жасап шығарғаны белгілі болды. Бүгін отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849243-elordada-tagy-bir-adam-koronavirustan-sauygyp-sykty/

pixel