RU

Коронавирус: Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады

Бүкіл әлем коронавируспен күресіп жатқан кезде, Жапония оның салдарынан пайда болған қолайсыздықтармен емін-еркін күресуде. Мәселен, ЖОО-нын бітіріп жатқан студенттер бітіру кешіне өздерінің бет-бейнесі бейнеленген роботтарды жіберіп, жұртты таңғалдыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ vinegred.ru басылымына сілтеме жасап.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

Жапонияның ВТТ университеті студенттердің қатысуынсыз диплом табыстау рәсімін өткізудің тамаша тәсілін ойлап тапты.

Бұл мерекелік кеш 28 наурызда Токиодағы Grand Palace қонақ үйінде өтті.

Елде әртүрлі табиғат апаттары жиі болатындықтан, жапондықтар кез келген дағдарысқа тез бейімделеді және үкіметтің барлық нұсқауларын орындай отырып, қажет болған жағдайда өмір салтын бейімдей отырып, тез әрекет етуге дайын.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

Мәселен түлектер коронавирустың салдарынан салтанатты рәсімге жеке қатыса алмайтындықтан университет әкімшілігі мәселені шешуде заманауи технологияларды қолданған.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

Жақында Business Breakthrough университеті сабақтардың көп бөлігін онлайн платформаларға ауыстырып, оқу процесіне қатысты басқа да іс-шараларды өткізудің жолын тапқан.

Осылайша, 28 наурызда Токиодағы Grand Palace қонақ үйінде виртуалды бітіру кеші өткізілді.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

Қашықтан басқарылатын "newme" робот-аватарларының көмегімен диплом алу мәртебесі төрт түлекке бұйырды, ал қалған студенттер Zoom-ды қолдана отырып салтанатты жиынға қатысты.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

ANA Holdings жасаған әр роботта ол басқаратын студенттің бет-бейнесі бейнеленген экран және роботтарға түлектердің атынан диплом алуға мүмкіндік беретін аяқ-киім орнатылған. Сонымен қатар, олар іс-шараны мүмкіндігінше шынайы етіп көрсету үшін бітіру мантияларын киген.

Жапонияда университет басшылығы дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады
Фото: vinegred.ru: UGC

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа байланысты 18 қызықты тату туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849250-koronavirus-zaponiada-universitet-bassylygy-diplomdy-tlekterdi-ornyna-robottarga-tabystady.html