Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр банк қарызы барлардың берешегін 42500 теңгеден ұстап қалуға құқығы жоқ екенін кесіп айтты

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында кірісінен айырылған ел тұрғындарына төленетін 42 500 теңгеден екінші деңгейдегі банктер қандай да бір қарызды ұстап қалмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жәрдемақыға салық салынбайтынын да жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Екінші деңгейлі банктерге 42 500 теңгеден, коммуналдық қызмет, кредит қарызы болсын, қандай да бір берешекті ұстап қалуға тыйым салынды. Тіпті қарыз болған күннің өзінде құқығы жоқ. Әлеуметтік төлемге салық та салынбайды. Яғни, бұл ақшаға тиісуге болмайды. Азаматтар 42 500 теңгені толық көлемде алуы тиіс", - деді Нұрымбетов. 

Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министр 42 500 теңге ай сайын төленетінін жасырмады. 

"Әлеуметтік төлем алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Кез келген карталық шотыңызға аударылады", - деді ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін министр желідегі парақшасында өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың да 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақына алуға құқылы екенін айтты. Бұл санаттағы азаматтар көмек алу үшін бір жолғы төлем жасаса жеткілікті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849256-ministr-bank-karyzy-barlardy-beresegin-42500-tegeden-stap-kaluga-kkygy-zok-ekenin-kesip-ajtty/

pixel