Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC басшысы: Турнир өтеді, бірақ Хабибсіз

Опубликовано:

UFC басшысы Дэйна Уайт ресейлік аралас жекпе жек шебері Хабиб Нурмагомедовтың UFC 249 турниріне қатыспайтынын, Тони Фергюсонмен шаршы алаңға шықпайтынын растады. Ол бұл туралы Twitter желісінде ESPN журналисті Ариэль Хельванидің жазбасына жауап ретінде мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-қа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Сенсация! Дэйна Уайт пен Владимир Путин UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың АҚШ-қа келуі туралы келісімге келді. Ол Тони Фергюсонмен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу болады, мырзалар! UFC 249, жоспарланғандай, 18 сәуірде өтеді", - деп жазды Хельвани.
"Жалған. Турнир өтеді, бірақ Хабибсіз. Мен қатысушылардың толық тізімін ертең жариялаймын", - деп жауап берген Уайт 5 сәуірде.

Демек, бүгін, 6 сәуірде ол Фергюсонның жаңа қарсыласын атайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов "өз өмірін қатерге тігуден" бас тартып, Тони Фергюссонмен өтетін кездесуі болмайтынын мәлімдеген еді.

Тиісті жазба спортшының Instagram желісінде пайда болды. Жекпе-жектің өтпеуіне негізгі себеп - коронавирус салдарынан әлемнің көптеген елінде енгізілген карантин.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар! .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849263-ufc-bassysy-turnir-tedi-birak-habibsiz/

pixel