Выйти
RU

Қазақстандықтар енді коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өте алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Енді "Электронды үкімет" порталының eGovMobile мобильді қосымшасында коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өтуге болады. Онлайн диагностикалау қызметі үш тілде іске қосылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қызметтің бұл түрі - Денсаулық сақтау министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлескен жұмысының нәтижесі.

Коронавирустың белгілерін анықтау бойынша өзін-өзі онлайн диагностикалау қызметі eGovMobile қосымшасының басты бетінде "COVID-19 белгілері бойынша сауалнама" атауымен жеке батырма ретінде орналасқан.

Қызмет үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қолжетімді.

Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 сұраққа иә/жоқ деп жауап береді, қажет болған жағдайда жеке ақпараттарды енгізеді. Толтырып болғаннан кейін "Сауалнаманы жіберу" батырмасын басу керек. Ақпарат ары қарай өңдеуден өту үшін Денсаулық сақтау министрлігіне түседі.

Сонымен қатар, азаматтар eGovMobile арқылы "COVID-19 картасы", "COVID-19 туралы FAQ" қызметтерінен коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады.

Сондай-ақ мобильді қосымша нақты уақыт режимінде Қазақстан аумағындағы вирустың таралу жағдайы мен ауру расталғандармен қатынаста болғандар жайлы өзекті ақпараттарды ұсынады.

Айта кетейік, қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын анықтайтын жеке тест жүйелерін жасап шығарды. Бүгін отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар енді коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өте алады