Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырып алған

Опубликовано:

Қазақстанның бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған 120 дәрігер туралы баяндады. Олардың бірі ауыр халде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың сөзінше, науқас дәрігерлердің 67-сі коронавирус жұқтырған адамдармен, науқастармен байланысқан күдікті тұлғалармен жұмыс істеген.

Бүгінде 120 дәрігердің біреуі ауыр халде жатыр, ал тоғызы дертті орташа ауыр қалыпта өткізуде. Қалған 57 медицина қызметкерінде коронавирус инфекциясы ешқандай белгісіз, жеңіл түрде өтіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi. Осылайша, елімізде қатерлі COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 604-ке жетті.

6 сәуір сағат 14:40-тағы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1 науқас, Жамбыл облысында 1 науқас, Қарағанды облысында 16 науқас, Маңғыстау облысында 2 науқас анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жүйесін жасап шығарды. Бүгін отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849274-kazakstanda-120-driger-koronavirus-zktyryp-algan/

pixel