Выйти
RU

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тест кімдерге жасалады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тест кімдерге жасалатыны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінде республикаға 96 мың тест енгізілді. Экспресс-тестілу Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында өткізіледі. Орташа есеппен тәулігіне 500-1000 тест жасалады деп жоспарланып отыр.

Экспресс-тестілеу жасалатын тұлғалар санаты да анықталды.

Олар:

- Жедел жәрдем медициналық қызметкерлері;

- ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылмаған науқастар;

- Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен әлеуетті байланыста болғандар;

- Ел аумағына өткізу орындарында, автоөтпе жолдар және темір жол көлігі арқылы кіретін тұлғалар;

- Коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты Төтенше жағдайды ауыздықтау мәселесіне кірістірілген мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ғалымдар коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жүйесін жасап шығарған еді. Бүгін отандық ғылыми медициналық орталықтардың қызметкерлерін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тест кімдерге жасалады