Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

629-ға жетті: Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 25 дерегі тіркелді

Опубликовано:

Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 25 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 629-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

6 сәуір сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 25 адамның алтауы- Жамбыл облысында, 19-ы Ақмола облысында.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында 116 адам, Қарағанды облысында 48 адам, Ақмола облысында 42 адам, Атырау облысы 24 адам, Жамбыл облысында 35 адам, Шымкент қаласында 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 5 адам, Қызылорда облысында 37 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Түркістан облысында 28 адам, Қостанай облысында 1 адам - жалпы 629 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанның бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған 120 дәрігер туралы баяндады. Олардың бірі ауыр халде жатыр.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың сөзінше, науқас дәрігерлердің 67-сі коронавирус жұқтырған адамдармен, науқастармен байланысқан күдікті тұлғалармен жұмыс істеген.

Бүгінде 120 дәрігердің біреуі ауыр халде жатыр, ал тоғызы дертті орташа ауыр қалыпта өткізуде. Қалған 57 медицина қызметкерінде коронавирус инфекциясы ешқандай белгісіз, жеңіл түрде өтіп жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849290-629-ga-zetti-elimizde-koronavirus-zktyrudy-tagy-25-deregi-tirkeldi/

pixel