Выйти
RU

Әйгілі Майкл Джексонның қолғабы 104 мың долларға сатылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық поп әнші Майкл Джексонның қолғабы Техаста өткен аукционда 104 мың долларға сатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Әйгілі Майкл Джексонның қолғабы 104 мың доларға сатылды (фото)

Фото: Globallookpress.com

Журналистердің жазуынша, поп музыканың патшасы жылтыр тастармен безендірілген дәл осы қолғапты 1987 жылдың қыркүйегінен бастап 1989 жылдың қаңтарына дейін жалғасқан Bad Tour атты жеке әрі алғашқы концерттік турында киген.

Кейін бұл қолғап Джексонның өзіне ғана тән аксессуарлардың біріне айналған.

Одан бөлек аукционға қойылған топтамада қолғаптың бастапқыда 1998 жылы ЮНИСЕФ-ке сыйға тартылғандығын растайтын хат пен әнші негізін салған MJJ Productions компанисы жасаған конверт болған.

Дегенмен қолғапты сатып алған адамның кім екендігі айтылмады.

Айта кетейік, бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның елде өткізілген аукцион кезінде Димаш Құдайбергеннің портретін сатып алғанын жазған едік.

Сонымен қатар қайырымдық аукционында UFC чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғанын хабарлаған болатынбыз. Аталмыш жейдені ол Дастин Порьемен жекпе-жектен соң киген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі Майкл Джексонның қолғабы 104 мың долларға сатылды (фото)