Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да коронавирус жұқтырған алғашқы адам жазылып шықты

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас емделіп шықты. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жұқпалы індеттен жазылған- Петропавл қаласының тұрғыны. Енді ол 14 күн дәрігерлер бақылауына алынып, үй карантиніне жіберіледі.

"Бүгінде инфекциялық стационарда 24 адам жатыр. Олардың жағдайлары жақсы. Аурудың клиникалық белгілері жоқ, дене қызуы қалыпты. Жұқтырғандардың басым бөлігі инфекцияны тасымалдаушы, сол себепті жағдайлары қалыпты. Емдеу хаттамасына сай емдік іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бұдан басқа провизорлық стационарда 68 адам жатыр. Олар жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен түскендер, бірақ коронавирус инфекциясы анықталмаған. Карантиндік стационарларда 230 адам бар. Олардың басым бөлігі – вирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Үй карантинінде 1137 адам отырса, дәрігерлер тағы 266 адамды қашықтан бақылауға алған.

"Қосымша тағы 10 реанимациялық орын әзірледік. Эксперттік классқа жататын 5 жасанды тыныс алу аппараты алынды. Бұл жұмыстар жағдайы ауыр науқастар түсетін болса алдын ала дайын отыру үшін атқарылды", - дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 629-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849310-sko-da-koronavirus-zktyrgan-algasky-adam-zazylyp-sykty/

pixel